W3C Note

Осы құжат "Accessibility Features of CSS" мақаласының аудармасы болып табылады.

Құжаттың ресми нұсқасы тек W3C http://www.w3.org/TR/CSS-access сайтында бар.

Берілген аударма W3C ресми құжаты ЕМЕС. Барлық авторлық құқықтар W3C-ға тиесілі. Осы құжаттың аудармасында қателер мен жаңылыстар болуы мүмкін.

Аударманың авторы: Владимир Чехлов, supported by Где взять кредит?

instant approval payday loans

Казак тіліндегі аударма: http://www.dadutkredit.ru/CSS-access-kz.html


Қол жететіндікті қамтамасыз ету үшін CSS мүмкіндіктері

W3C NOTE 4 тамыз, 1999

Бұл нұсқа:

http://www.w3.org/1999/08/NOTE-CSS-access-19990804

Алдындағы нұсқа:

http://www.w3.org/1999/06/NOTE-CSS-access-19990616

Соңғы нұсқа:

http://www.w3.org/TR/CSS-access

Редакторлары:

Ian Jacobs (ij@w3.org)

Judy Brewer (jbrewer@w3.org)

Аңғыртпа

Бұл құжат Веб құжаттарының қол жететіндігіне тікелей әсер ететін CSS2 ([CSS2]) стиліндегі каскадты кестелердің барлық мүмкіндіктерін жалпылайды. Бұл құжатта сипатталған кейбір мүмкіндіктері CSS1 ([CSS1])-де де қол жететінді болды. Бұл құжатты жазудың мақсаты құжаттардың қол жететіндігі бойынша CSS мүмкіндіктеріне сілтеуде басқа құжаттардың қайшы келмеуі болып табылады.

Құжаттың мәртебесі

Бұл құжат - тікелей W3C-мен дайындалған көпшілік қолды W3C Мақаласы. Бұл Мақаланы Web Accessibility Initiative (WAI) Education and Outreach Working Group (EOWG), the Protocols and Formats Working Group (PFWG) және the Cascading Style Sheets and Formatting Properties Working Group мақұлдады.

W3C Мақаласының жариялануы оның W3C барлық мүшелерімен мақұлдануын білдірмейді. W3C ағымдағы техникалық баяндамалар мен жарияланымдарының тізімін, соның ішінде жұмыс жобалары мен тілхаттарын, http://www.w3.org/TR сайтынан табуға болады.

CSS пайдаланудан Қол Жететіндік үшін пайдасы

CSS пайдаланудан Қол Жететіндік үшін негізгі пайдасы құжаттың құрылымының оның ұсынылуынан бөлінуінде. Символдар арасындағы арақашықтық, мәтінді түзету, объекті бетте орналастыру, аудио және дауыс ақпаратты басқару және де шрифт пен басқа параметрлері сияқты құжатты бейнелеудің осындай параметрлерін белгілеуден тыс нақты бақылау үшін стильдердің каскадты кестелері жетілдірілген болды. Стильді белгілеуден бөліп, өңдеушілер өз HTML  құжаттарын оңайлату және тәртіпке келтіру арқылы оларды одан да қол жететіндіге айналдыра алады.

CSS символдар арасындағы қашықтықты, мәтінді түзетуді және орналастыруды толық басқаруға мүмкіндік береді. Бұл авторларға «тэгтерді дұрыс емес пайдалануға» - беттің қалаулы визуалды бейнесін жасау үшін мәнмәтіндегі сематикалық түрде жұрыс емес элементтерді пайдаланудан қашқақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, HTML-де BLOCKQUOTE және TABLE дәйексөздерді қосу және кестелік мәліметтерді бейнелеу қолданылуы керек, бірақ оларды жиі түзету мен шегіну үшін қолданады. Веб құжаттардың дауыс синтезінің бағдарламасы сияқты арнайы браузер орынды емес пайдаланылған элементтерге ұшырасса, ол адамның пікіріне орай оларды дұрыс емес өндеуі мүмкін.

Элементтерді орынсыз қолдануды болдырмаумен қоса стильдердің каскадты кестелері суреттерді де орынсыз пайдалануды болдырмауға көмектеседі. Мысалы, көбінесе ішіндегісін құжаттың орналастыру үшін өндеушілер көрінбейтін бірпиксельдік суреттерді пайдаланады. Бұл құжаттарды желпілдетіп, олардың жүктелуін ұзартып қана қоймай, бұл суреттерге alt-атрибуттарды табуға және түсіндіруге тырысатын болатын браузерлерді шатастырады. CSS орналастыру қасиеттері орналастыру үшін көрінбейтін суреттерді пайдалу қажеттілігін жояды.

CSS шрифттің өлшемін, түсін және стилін толығымен бақылауды мүмкін етеді. Кейбір өндеушілер өзгеше бір шрифтпен терлген мәтінді бейнелеу үшін суреттерді пайдаланады, себебі олар клиенттің машинасында осындай шрифттің бар болғанына сенімді емес. Мәтіні бар суреттер экрандық сөз синтезаторы сияқты кейбір арнайы бағдарламалары үшін де, іздеу жұмыстары үшін де қол жететінді емес. Жағдайды өзгерту үшін CSS-тің пайдаланушыларға клиент жағында ақпараттың бейнелуін толығырақ бақылауға мүмкіндік беретін WebFonts күшті құралы бар. WebFonts көмегімен авторлар пайдалушы жүйесінде бар болған шрифттің таңдалуына дейін тапсырылған тәртіпте шрифттің ретті терілу механизміне сене алады. Шрифттер одан да жлғары дәлдікпен ұсынылып, браузермен синтезделіп, Желіден де жүктелуі мүмкін.

CSS пайдаланушыларға автордың шрифттерін қайта анықтауға мүмкіндік береді.Бұл автор таңдаған беттегі шрифтттері мен түсімен қабылдай алмайтын пайдаланушылар үшін өте маңызды. CSS пайдаланушыларға өздері қалайтын шрифттер мен түстерді қолданып, құжаттарды ұарауға мүмкіндік береді. Бұл пайдаланушылардың стильдік кестелерін қолданумен жүзеге асырылады.

CSS нөмірлерді, маркерлерді және де пайдаланушыға құжатта жөн табуға көмектесетін басқа да керектілерді автоматты түрде генерациялауға мүмкіндік ебереді. Нөмірленуі немесе басқа мәнмәтіндік білдірулер бар болған ұзын тізімдерді, кестелерді және құжаттарды қабылдау үшін оңай.

CSS дыбыс рендерингпен құжат қалай ұсынылатындығын анықтайтын стильдердің акустикалық кестелерін қолдайды. Стильдердің дыбыс кестелері (немесе "ACSS") авторларға айтылған мәтіннің дауыс қаттылығын, айналадағы дыбыстарды, дыбыстың ортадағы қаситтерін және де құжаттың визуалды рәсімделуін басқаратындарға сәйкес сөз синтезіне әсерлер қосатын басқа көптеген қасиеттерді анықтауға мүмкіндік береді.

CSS таза HTML-ге қарағанда альтернативті құрамының бейнесін одан да нақты бақылауға жол береді. CSS2 селекторлары альтернативті құрамын жіберу үшін жиі қолданылатын атрибуттар міндеріне жол ашады. CSS2-де атрибуттардың мәндері элементтердің негізгі құрамымен бірге рендеренуі мүмкін.

CSS іске асыру

Бұл мақалан жариялау кезіне кең таралған браузерлер CSS үшін толық қолдау көрсетпейді. Дегенмен, кейбір өндірушілердің браузерлердің соңғы үрімі CSS1 және CSS2 үшін едәуір бөлігін сапалы іске асырып, бұл браузерлер одан да әрі жақсартылуда.

Көріп тұрғанымыздай осы құжатта айтылған мүмкіндіктерді CSS1 пен CSS2 браузерлерде дұрыс іске асырылуынсыз пайдалануға болмайды. Бірақ CSS пайдаланатын қол жетерлік Веб құжаттарды өңдеу стильдер кестесі сөндірулі немесе қолданбалса қол жетерлікке тексеруді білдіреді.

Браузерлердің көбісі қалыпқа сәйкес CSS қолдауды бастамағанша, өндеушілер браузерлер қолдайтын CSS мүмкіндіктері мен визуалды HTML  белгілеуімен араластырып, бұрынғыдай Веб құжаттарды жасай алады. Бірақ HTML  рендеринг визуалды ерекшеліктерін пайдаланатын құжаттарды орынды өндеу керек. Мысалы, кестелік өнделу содан кейін оңтайлы құралдарда рендеринг кезінде ретті түрде барабар бейнеленуі тиіс.

Қол жетерлікті қамтамасыз ету үшін CSS2 мүмкіндіктері

Төменде қол жетерлікті (олар жарияланған CSS2 айрықшаламаның тараулары көрсетілген) қамтамасыз ету бойынша CSS2 мүмкіндіктерінің тізімі берілген. Тізімден кейін көрсетілген тараулар бұд қасиеттердің қол жетерлікке деген ісерін айқындайды.

Ескерту. Қасиеттердің аттары CSS1 и CSS2 айрықшаламаларында сияқты жалаң тырнақшаларда берілген.

Шегінулер, түзетулер және жайғастыру

'text-indent' (16.1); 'text-align' (16.2); 'word-spacing' және 'letter-spacing' (16.4); 'font-stretch', (15.2.3); 'margin', 'margin-top', 'margin-right', 'margin-bottom' и 'margin-left' (8.3); 'float' (9.5.1), 'position' (9.3.1); 'top', 'right', 'bottom' және 'left' (9.3.2); 'empty-cells' (17.6.1)

Пайдаланушының стильдер үстінен басыңқы бақылауы

!important (6.4.1); мағынасы 'inherit' (6.2.1); жүйелік шрифттер (15.2.5); жүйелік түстер (18.2); тізімдердің типтері (12.6.2); жиектер ('outline', 'outline-width', 'outline-style' және 'outline-color') (18.4)

Жинақталатын құрамы

:before/:after жалған элементтер (5.12.3, 12.1); 'content' (12.2); 'cue', 'cue-before' және 'cue-after' (19.5)

Стильдердің дыбыстық кестелері

'volume' (19.2); 'speak' (19.3); 'pause', 'pause-before' және 'pause-after' (19.4); 'cue', 'cue-before', 'cue-after' (19.5); 'play-during' (19.6); 'azimuth', 'elevation' (19.7); 'speech-rate', 'voice-family', 'pitch', 'pitch-range', 'stress' және 'richness' (19.8); 'speak-punctuation' және 'speak-numeral' (19.9)

Альтернативтік құрамға қол жететімділігі

attribute selectors (5.8); the attr() function (12.2)

WebFonts

CSS2 айрақшаламаның 15-тарауын қараңыз.

Шегінулер, түзетулер және жаіғастыру

CSS2 авторларға құрамның беттегі визуалды жайғастыруын қызыл жолдар, шегінулер, жүзетін блоктар, абсолютті және салыстырмалы жайғастыру арқылы бақылау мүмкіндік береді. Беттің визуалды жайғастыру үшін CSS2 қасиеттерін пайдаланған кезде авторлар өзінің HTML кодын едәуңр оңайлатуы, суреттердің керексіз пайдалануын аластауы және де жайғастыру құралы ретінде үзіліссіз бос орындардан ( ) бас тартуы мүмкін.

Келесі қасиеттер шегінуді, түзетуді және жайғастыруды бақылауға мүмкінді береді:

Пайдаланушының стильдер үстінен басыңқы бақылауы

Пайдаланушыға стильдерді бақылау мүмкіндігін беру үшін CSS2-де CSS1-мен  жарияланған "!important" операторының мәні өзгертілді. CSS1-де пайдалунышылық пен авторлық кестелерінің шиеленісі кезінде авторларың одан да басыңқы ережелерін құрастыруға мүмкіндігі болды.CSS2-де егер пайдаланушының стильдер кестесінің құрамында "!important" болса, бұл ереже автордың стильдер кестесінде сипатталған кез келген ережесіне гөре артықшылық қасиетіне ие болады. Бұл қасиет кейбір түстер құрамдастырын немесе кереғарды болдырмауы, шрифттің одан да биік көлемі керек ететін пайдаланушылар үшін аса маңызды. Мысалы, пайдаланушының стильдер кестесінің тармағындағы мәтіннің үлкен өлшемін анықтайтын келесі ереже автордың стильдер кестесінің ұқсас ережесіне гөре артықшылыққа ие болады:

  
P { font-size: 24pt ! important } 

CSS2-нің 'inherit' мағынасы бүкіл құжатқа немесе оның едәуір бөлігіне пайдалану керек болатын "!important" пайдаланатын ережелер санын азайтуға мүмкіндік беріп, барлық қасиетте қол жетерлі. Мысалы, келесі ережелер барлық айналадағы барлық түстерді ақ етіп, ал алдындағы түстерді қара етеді:

  
 /* 
 Айнала түсін ақ түсті 
 және BODY элементі үшін мәтінді ұара түсті орнатады
 */ 
  
BODY {  
   color: black ! important ;   
   background: white ! important  
}
 
 /* 
 !important атрибутымен күшейтілген
 барлық қосылған элементтерімен 'color' 
 және қасиеттерінің мағынасын иеленуді шақыртады. 
 Бірақ бұл ереже одан да нақтыланған ережемен де алдын ала анықталуы мүмкін. 
 */ 
  
* {  
 color: inherit ! important ;  
 background: inherit ! important  
}

CSS2-ге басқа бақылау жолдары кіреді:

Мысалы, элемент фокуста болған кезде оны қалың қара жиекке алу үшін және ол белсенді болған кезде оны қалың қызыл жиекке алу үшін құжатқа келесі ережелерді пайдалану керек:

 
 :focus  { outline: thick solid black } 
 :active { outline: thick solid red } 

Жинақталатын құрамы

CSS2-де стильдер кестесі көмегімен құрамды жинақтауға мүмкіндік беретін бірнеше тәсілі бар:

Жинақталатын құрамы маркерлер ретінде құжаттың құрамы бар фреймге жол болмаса және басқа жағдайларда құжатта жөн табуға және жоғалуға көмектесу үшін қызмет ете алады.

Өрнек ретінде пайдаланушылық стильдер кестесі '.example' классы бар әр блокта "Өрнектің соңы" тіркесін жазып тұрады:

 
DIV.example:after {  
   content: End Example  
}

Сонымен қоса пайдаланушы оқуды бітірген жерін оңай табу үшін оған құжат мәтініндегі тарауларды нөмірлеу мүмкіндігін береді:

 
P:before {  
   content: counter(paragraph) ". " ; 
   counter-increment: paragraph  
} 

Стильдердің дыбыстық каскадты кестелер

CSS2 дыбыстық қасиеттері визуалды ақпаратты ұсынатын шрифттер сыиқты көрмейтін пайдаланушыларға және дауыстық браузерлерге ақпарат ұсыну үшін керек. Келесі өрнек пайдаланушыға түрлі дыбыстық қасиеттері (мәнінде дыбыстық шрифт болатын 'voice-family' қасиеті қоса) дыбыстылған мәтіннің тақырып екендігін түсінуге мүмкіндік беретінін көрсететді:

 
H1 { 
    voice-family: paul; 
    stress: 20; 
    richness: 90; 
    cue-before: url("ping.au") 
    }

Келесі қасиеттер - CSS2 стильдердің дыбыстық каскадты кестелерінің бөлігі.

Соған қоса 'speak-header' қасиеті кестенің тақырыбын әр жаңа ұяшыққа дейін немесе тек бір рет айту керектігін сипаттайды.

Құрамның альтернативті ұсынылуға қол жететіндік

CSS2 құрамның атрибуттар мәндерінде көрсетілген альтернативті ұсынылымдарға қол жеткіздіреді. Бұны орындауға болады, егер бір уақытта келесіні пайдалансақ:

Келесі өрнекте IMG тэгінің "alt" атрибутының мәні суреттен кейін шығады (визуалды, дыбыстық рендеринг кезінде және т.б.):

 
IMG:after { content: attr(alt) } 

Суреттің өзі шықпаса да (мысалы, пайдаланушы браузерде суреттердің жүктелуін сөндірсе) атрибуттың мәні шығады.

Media типтері

CSS2-де "media" типтері (@media ережелерімен пайдаланылатын) құралдардың кейбір түріндегі құжаттың одан да нақты рендерингі үшін авторлар мен пайдаланушыларға стильдердің арнайы кестелерін құруға мүмкіндік береді. Осындай стильдер кестелері құжат құрамын соқырлар үшін құралдарда, сөз дауыстық синтезаторларында және телетайп-құралдарда бейнелу үшін ынғайландырады. "@media" ережелерін пайдалану беттің жүктелу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, себебі бұл браузерге рендеринг үшін керексіз стильдер кестелерін жүктемеуге мүмкіндік береді.

Желінің Қол жететінділігі бойынша Ынтагерлік туралы

W3C (WAI) Желінің Қол жететінділігі бойынша Ынтагерлік қызметті бес қосымша бағыттарда атқарып, Желінің қол жетететінділігін қамтамасыз ету бойынша күш салады:

  1. Қол жететінділікті қолдауды Веб технологияларымен кепілдеу
  2. Қол жететінділік бойынша ұсыныстарды дайындау
  3. Сайттардың анализі мен қалпына келу үшін құралдарды өңдеу
  4. Білім беретін және қоғамдық бағытталған бағдарламаларды үйлестіру
  5. Зерттеулерді жүргізу

WAI  Халықаралық Бағдарламаның Кеңсесі өндірістік ұйымдармен, шектеулі мүмкіндіктері бар адамдардың мәселелерімен, Желінің қол жететінділігі өрісінде зерттеулермен айналысатын ұйымдармен және де қол жететінді Желіні құруда мүдделі ұйымдармен әріптестік құруға мүмкіндік береді. WAI демеушілері арасында US National Science Foundation and Department of Education's National Institute on Disability and Rehabilitation Research; the European Commission's DG XIII Telematics for Disabled and Elderly Programme; Telematics Applications Programme for Disabled and Elderly; Government of Canada, Industry Canada; IBM, Lotus Development Corporation және NCR бар.

WAI ттуралы қосымша ақпаратты http://www.w3.org/WAI/ адресі бойынша алуға болады.

Желінің Қол жететінділігі бойынша WAI ұсыныстары туралы

Желінің Қол жететінділігі бойынша ұсыныстар сайттар өңдеушілері мен Желідегі жұмысты бағдарламамалық қамтамасыз ету өңдеушілері де үшін ажыратылмас бөлік болып табылады. Көптеген ұйымдар ұсыныстардың үш жиынтығы бойынша WAI әрекеттерін құрылымдастырады:

W3C консорциумы туралы

Желіні дамуға ынталандыратын және өзара әрекет жасауды қамтамасыз ететін жалпы хаттамаларды өңдеу арқылы Желінің оның потенциалын толық іске асырылуына бағыттау үшін W3C консорциумы пайда болды. Консорциум халыөаралыө болып, бір уақытта MIT Laboratory for Computer Science (LCS) АҚШ-та, the National Institute for Research in Computer Science and Control (INRIA) Францияда және Keio University Японияда басқарылады. Консорциум келесі сервистерді ұсынады: пайдаланушылар мен өңдеушілер үшін Дүниежүзілік торы туралы ақпарат қоймасы; стандарттарды іске асыру мен жылжыту үшін кодтың эталондық үлгілері; қосымшалардың түрлі прототиптері мен жаңа технологиялардың пайдалануы. Қазіргі кезде 320-ден аса ұйым - Консорциум Қатысушылары. Консорциум туралы толық ақпарат http://www.w3.org/ сайтында.

Сілтемелер

W3C  ағымдағы ұсыныстардың тізімі мен басқа техникалық құжаттамалар http://www.w3.org/TR адресі бойынша.

[CSS2]

"Cascading Style Sheets, level 2", B. Bos, H. W. Lie, C. Lilley и I. Jacobs, 17 мамыр 1998.

[CSS1]

"Cascading Style Sheets, level 1", H. W. Lie и B. Bos, 17 желтоқсан 1996. Түзетілген 11 қаңтар 1999.

[HTML40]

"HTML 4.0 Recommendation", D. Raggett, A. Le Hors и I. Jacobs, eds., 18 желтоқсан 1997, түзетілген 24 сәуір 1998.

[XML10]

"Extensible Markup Language (XML) 1.0.", T. Bray, J. Paoli, C.M. Sperberg-McQueen, eds., 10 ақпан 1998.

[WAI-AUTOOLS]

Соңғы нұсқа "Authoring Tool Accessibility Guidelines", J. Treviranus, J. Richards, I. Jacobs, C. McCathieNevile, eds.

[WAI-WEBCONTENT]

"Web Content Accessibility Guidelines 1.0", W. Chisholm, G. Vanderheiden и I. Jacobs, eds., 5 May 1999

[WAI-USERAGENT]

Соңғы нұсқа "User Agent Accessibility Guidelines", J. Gunderson и I. Jacobs, eds.