NOTE-datetime

 

Күні мен Уақыттың форматтары

Осы құжат " Date and Time Formats " мақаласының аудармас болып табылады.
Түпнұсқасы тек W3C сайтында бар http://www.w3.org/TR/NOTE-datetime
Осы аударма W3C ресми құжаты емес. Барлық Авторлық Құқытарды W3C Иеленеді.
Берілген құжатта қателер мен жаңылыстар болуы мүмкін. Автор: Чехлов Владимир, supported by Где взять кредит?

instant approval payday loans

W3C-ге қарастыруға W3C 15 қыркүйек 1997 жылы ұсынылған

Бұл нұсқа:

http://www.w3.org/TR/1998/NOTE-datetime-19980827

Жаңа нұсқа:

http://www.w3.org/TR/NOTE-datetime

Авторлары:

Misha Wolf < misha.wolf@reuters.com >
Charles Wicksteed < charles.wicksteed@reuters.com >

Берілген құжаттың жағдайы

Ұсынылатын құжат тек талқылау үшін ұсынылған тілхат (NOTE) болып табылады. Бұл факт оның құрамының қолдауын немесе Консорциум бұл тілхатта көтерілген сұрақтарды шешу үшін ресурстарды бөлді, бөледі, я бөлетін болады дыгенді білдірмейді.

W3C-ге қарастыруға бұл құжатты Reuters Limited ұсынды. Өтінеміз, ережесіне байланысты W3C-те құжаттардың құпталған ұсыныстарды қараңыз.

Бұл құжатқа түсініктемелері datetime-comments@w3.org жіберілуі тиіс.


Қысқаша Мазмұны

Бұл құжат күні мен уақытты ұсыну үшін ISO 8601 халықаралық стандартының профилін анықтайды. ISO 8601 күннің/уақыттың көптеген форматтарын сипаттайды. Қолданатын форматтардың санын азайту керек, сонда қате мүмкіндігі мен бағдарламаның қиындылығы төмендейді. Ұсынылатын профиль талаптарының көбіне сай келетін күннің/уақыттың бірнеше форматын анықтайды.


Кіріспе

ISO 8601- күні мен уақытты ұсыну үшін халықаралық стандарт. Оның толық анықтамалық нөмірі - ISO 8601 : 1988 (E), оның тақырыбы - "Мәліметтердің элементтері мен айырбастау форматтары – Ақпаратпен алмасу – Күні мен уақытты ұсыну". Aл ISO 8601 бойынша толық зерттеуді Markus Kuhn жүргізді.

ISO 8601 күннің/уақыттың форматтарының үлкен санын сипаттайды. Мысалы, ол Негізгі форматты, пунктуациясыз, және Кеңейтілген форматты, пунктуациямен, сипаттап, элементтерді алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл профиль форматтардың шектеулі санын анықтайды. Олардың әрқайсысы да күні мен уақыты үшін ISO 8601 нақты форматы болып табылады. Негізгі мақсаты – Дүниежүзілік желімен байланысты стандарттарда ISO 8601 пайдалануды жеңілдету және өңдеушілер мен пайдаланушылармен ISO 8601 копияларды алу керектігін болдырмау.

ISO 8601 басқа мәселесі – ол жылдарды көрсеткенде жүзжылдарды көрсетпеуге мүмкіндік береді. Себебі біз 2000 жылға жақындап қалдық. Осы формат бұл мәселені бүкіл жағдайларда да жылды төрт сан арқылы көрсету арқылы шешеді.

Бұл формат күні мен уақыттың бір мәнді болуын талап ететін стандартпен қабылдануы мүмкін. Осыған орай түрлі стандарттар детализациялау мен икемділікке қатысты түрлі талаптар қояды. Бұл профиль таңдау үшін бірнеше вариантты ұсынады. Оның стандартын есепке алып, қандай нұсқаларды рұқсат ететінін көрсетуі керек.


Форматтар

Түрлі стандарттарға күні мен уақыттың түрлі детализациялау деңгейлері керек болуы мүмкін. Сондықтан бұл профиль алты деңгейді анықтайды. Бұл профильге сүйенетін стандарттар бір немесе одан көп деңгейді көрсетуі керек. Бұл стандарт детализациялаудың бірден артық деңгейін көрсетсе, төмендетілген дәлдігі бар күні мен уақытты нені білдіретінін көрсетуі керек. Мысалы, түрлі дәлдік дәрежесі бар күнді салыстырудың нәтижесі.

Келесі форматтар болады. Осында көрсетілген компоненттер тура сондай түрде және тура сондай пунктуациямен болуы керек. Назар аударыңыз, ұсынылатын ретте "T" тура мәнінде тұр, Ол ISO 8601-де сөз етілгендей уақыт элементінің басын көрсетеді.

   Жылы:
      ЖЖЖЖ (мысалы, 1997)
   Жылы мен айы:
      ЖЖЖЖ-АА (мысалы, 1997-07)
   Күні толығымен:
      ЖЖЖЖ-АА-КК (мысалы, 1997-07-16)
   Күні толығымен сағат пен минутпен:
      ЖЖЖЖ-АА-ККгг:ххпгп (например, 1997-07-16T19:20+01:00)
   Күні толығымен сағат, минут, секундпен:
      ЖЖЖЖ-АА-ККTгг:хх:сспгп (мысалы,  1997-07-16T19:20:30+01:00)
   Күні толығымен сағат, минут, секундпен және ондық секундпен
      ЖЖЖЖ-АА-ККTгг:хх:сс.спгп (мысалы, 1997-07-16T19:20:30.45+01:00)

бұндағы:

      ЖЖЖЖ = төрт таңбалы жыл
     АА   = екі таңбалы ай (01=Қаңтар және ж. к.)
     КК   = айдың екі таңбалы күні (01-ден 31-ге дейін)
     гг   = сағаттың екі саны (00-ден 23-ге дейін) (am/pm рұқсат ЕТІЛМЕЙДІ)
     хх   = минуттың екі саны (00-ден 59-ге дейін)
     сс   = секундтың екі саны (00-ден 59-ге дейін)
     к    = ондық секундты білдіретін бір немесе одан да көп сан
     ПГП  = сағат белдеуінің көрсеткіші (Z немесе +жж:аа, немесе -жж:аа)

Бұл формат секундтың ондық бөлігін көрсету үшін қанша сан пайдалануы мүмкіндігін көрсетпейді. Бұл форматты қабылдаған кезде, ол секунд бөліктері үшін минималды (біпрге тең немесе одан артық) және максималды (максимум шексіздік деңгейінде көрсетілуі тиіс) цифрлар санын көрсетуі керек.

Ұсынылатын формат сағат белдеуінің жылжытылуын көрсетудің екі тәсілін анықтайды:

  1. Уақыт Дүниежүзілік уақыт (UTC) бойынша бұл уақыттың ("Z") арнайы көрсеткішімен анықталады.
  2. Уақыт жергілікті уақыт бойынша сағат белдеулерінің сағат пен минутта жылжу көрсеткішімен анықталады. "+сс:хх" сияқты сағат белдеуінің осындай көрсеткіші күні мен уақыттың "жж" сағат пен "хх" минутқа Дүниежүзілік уақыттан алда болғанын көрсетеді. "-сс:хх" сияқты сағат белдеуінің осындай көрсеткіші күні мен уақыттың "жж" сағат пен "хх" минутқа Дүниежүзілік уақыттан артта болғанын көрсетеді.

Бұл профильге сүйенетін стандарт сағат белдеулерінің жылжуының бір немесе екі тәсілін беруі керек.


Өрнектер

1994-11-05T08:15:30-05:00 5 қараша 1994 жылы, 8:15:30 Ресей уақытына (Мәскеу) сәйкес келеді.

1994-11-05T13:15:30Z сол мезетке сәйкес келеді.


Алғыстар

Берілген құжат Chris Newman "Күні мен Уақыт Интренетте" Интернет-жоба (draft-newman-datetime-01.txt) негізінде құрылған.